СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында семинар өткізілді.
Семинарға Ақжар, Жамбыл және Шал ақын аудандары басқармаларының мамандары, білім бөлімдерінің үйлестірушілері, сондай-ақ аталған аудандар мектептерінің өкілдері қатысты.
Семинар барысында мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау бөлімінің басшысы Бегенова Б.Б. «Облыс мектептерінде „Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер“ жобасын енгізу жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу» тақырыбында баяндама жасады.
Мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау бөлімінің бас маманы Окенова С.Т. жобаны енгізудің үш кезеңі, сондай-ақ оны іске асыру аясындағы коммуникациялық және бағалау жоспарларын құру туралы баяндады.
Соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау