Абайдың 180 жылдығына орай азаматтық қорғау саласында штабтық жаттығу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы ТЖД Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай азаматтық қорғау саласындағы білім мен дағдыларды жетілдіру бойынша іс-шараларды жалғастыруда.

Осы мерейтойға орай символдық түрде 180 қызметкер азаматтық қорғау бағытында оқытылып, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша практикалық сабақтардан өтті.

Сонымен қатар, 13-МӨСБ базасында «Атырау облысының әртүрлі аудандарында техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою» тақырыбында штабтық жаттығу ұйымдастырылды. Жаттығуға 25 тыңдаушы қатысып, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірге төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды тәжірибе жүзінде пысықтады.

Бағдарлама аясында тыңдаушылар Атырау қаласындағы «Абай орталығына» барып, ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ, орталықтағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақын рухына тағзым етілді.

Іс-шара соңында тестілеуден өткен тыңдаушыларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.

Бұл бастама азаматтық қорғау саласындағы кәсіби даярлықты арттырумен қатар, рухани құндылықтарды дәріптеу мен жас ұрпаққа тағылым қалдыруды көздейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1058632?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version