Жасанды интеллектті қолдану бойынша мұғалімдерге тегін оқыту жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту басталды. Жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдердің кәсіби даярлығын заманауи талаптарға сай жетілдіру мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп жаңа бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, қазақстандық оқу жүйесіне бейімделген.
 
Оқыту барысында педагогтер:
•жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдануды;
•промпт жазу әдістерін;
•сабақ жоспарлау тәсілдерін;
•тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді;
•иллюстрациялар жасауды;
•оқу мазмұнын жетілдіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын меңгереді.
 
Бағдарлама жасанды интеллектіні педагогтің орнын алмастырушы емес, кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді құрал ретінде қолдануға бағытталған. Ол мұғалімге шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
 
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған бұл оқуға мұғалімдер https://reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында тегін қатыса алады. Бір аптаның ішінде 100 мыңға жуық адам қатысып, соның жартысына жуығы сертификат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1058103?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version