Ата Заң -бірліктің негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс ортағында  Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

«Биыл еліміздің мемлекеттілік тарихындағы маңызды белестердің бірі — Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Ата Заңымыз тәуелсіз Қазақстанның берік құқықтық негізін қалап, оның саяси, экономикалық және қоғамдық даму бағытын айқындап берді. Осы тарихи құжаттың арқасында бүгінде біз қуатты, тұрақты және халықаралық аренада абыройы жоғары мемлекетте өмір сүріп отырмыз»,- деді өңір басшысы.

Салтанатты жиын барысында өңір басшысы мемлекеттік қызметшілерді, қоғам қайраткерлерін және түрлі сала өкілдерін атап өтті. Олар өздерінің қажырлы еңбегі арқылы өңірдің дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосып келеді.

Сондай-ақ, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1059119?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version