БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ ҒҰМАР ҚАРАШ КӨШЕСІНДЕ ЖАҢА АЛЛЕЯ ПАЙДА БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық Байқоңыр ауданында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай Ғұмар Қараш көшесінде жаңа аллея тұрғындардың пайдалануына тапсырылды.

Жалпы ауданы 1 700 шаршы метрді құрайтын аллея – Ш. Иманбаева көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.

Кешенді абаттандыру барысында 1 500 шаршы метрге жуық кеспетас және 500 шаршы метрден аса асфальт жабыны төселді.

Тұрғындардың жайлылығы мақсатында демалыс орындықтары мен қоқыс жәшіктері орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

📌Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін осы аумақта аса өзекті мәселелердің бірі болып келген – автокөлік жолдары кеңейтілді. Сондай-ақ, автотұрақ алаңына қосымша тағы 40 көлік орны қосылды.

Абаттандыру нәтижесінде аллеяға іргелес орналасқан №54 мектептің балалары үшін қауіпсіз және қолайлы жаяу жүргіншілер жолы қамтамасыз етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/1059403?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version