Департамент аккредиттелген зертханалардың басшыларымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Павлодар облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитетінің департаменті аккредиттелген сынақ зертханаларының басшыларымен кездесу өткізді:

          – «Промсервис-Отан» ЖШС (санитарлық-профилактикалық зертхана),

          – «ЦПО Кайсар» ЖШС,

          – «Казахстанский проектно-исследовательский институт «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС,

          – «Региональный Научно-Практический Центр «Система» ЖШС.

          Кездесуде негізгі тақырып ретінде еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын түсіндіру қаралды.

          Зертхана басшыларына заңнамадағы өзекті өзгерістер түсіндіріліп, өңірдегі жұмыс берушілермен одан әрі өзара іс-қимылды жолға қою бойынша ұсыныстар берілді.

          Кездесу қорытындысы бойынша, жұмыс орындарын сапалы аттестаттау жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және өндірістік жарақаттанудың алдын алудың маңызды құралы екені атап өтілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1059107?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version