Діни бірлестіктер өкілдеріне арналған киелі орындар бойынша экскурсия ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының дін істері басқармасы өңірдегі діни бірлестіктер өкілдеріне арналған киелі және тарихи орындарға экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара аясында қатысушылар Күшікбай батыр асуы, Абай-Шәкәрім мемориалдық кешені, Абай музейі және Қоңыр әулие үңгірі сынды тарихи-мәдени орындармен танысты. Экскурсия барысында осы жерлердің терең тарихы мен рухани-мәдени маңызы жөнінде ақпарат берілді. Аталған шара ұлттық рухани мұраны дәріптеу, конфессияаралық келісімді нығайту және өзара түсіністікті арттыру мақсатында өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/1059398?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version