Дөңгелек үстел өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылдың 28 тамызында Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасарының төрағалығымен Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшылығының және облыс бойынша барлық жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Жеке сот орындаушыларының 2025 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстарының көрсеткіштері және сот пен әділет органдарына келіп түскен өтініштердің артуы»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалып, Даму жоспарына жету жолдары, «Тараптар кабинеті» жүйесі, борышкерлерді әкімшілік, қылмыстық жауапқа тарту мәселелері қарастырылды, сондай-ақ соттардың жеке ұйғарымдарымен қанағаттандырылған шешімдері талқыланып, олардың нәтижелері бойынша өзекті мәселелер көтеріліп, нақты міндеттер қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1058941?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version