ОТАННЫҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫ
Бүгін Сырым ауданында отбасы құндылықтарын дәріптейтін, ұрпақ тәрбиесіне үлгі боларлық дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті.
Байқауға әр ауылдық округтен өнегелі өмір жолымен ерекшеленетін, бірлігі мен берекесі жарасқан отбасылар қатысып, өз өмірлері мен жетістіктерінен тұратын профилдерін ұсынды. Биыл аудан бойынша 11 отбасы қатысып, олардың ішінен үздік деп танылған 4 отбасы марапатқа ие болды.
Аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов байқауға қатысушыларды арнайы марапаттап, оларға отбасылық құндылықты жоғары дәріптегені үшін аудан жұртшылығы атынан алғыс білдірді.
Нәтижесінде:
– I орын – Төреғалиевтер отбасы (Аралтөбе ауылдық округі)
– II орын – Бекжановтар отбасы (Бұлдырты ауылдық округі)
– III орын – Қалишановтар отбасы (Бұлан ауылдық округі)
– III орын – Балғалиевтер отбасы (Талдыбұлақ ауылдық округі)
Сонымен қатар, байқауға белсенді қатысқан отбасыларға алғыс хаттар табысталды:
– Медетовтер отбасы (Жосалы ауылдық округі)
– Қауысовтар отбасы (Жетікөл ауылдық округі)
– Нұрмұхановтар отбасы (Жымпиты ауылдық округі)
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ,
Сырым ауданы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1058806?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау