Қосшы қаласының прокуратурасының үйлестіруімен, Қосшы қалалық соты, Қосшы қаласының жергілікті атқарушы органы және Қосшы қаласының пробация қызметімен бірлесіп «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында пробациялық есепте тұрған азаматтармен кездесу өткізілді.
Шара барысында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамға бейімделу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ қатысушыларға заңнаманы сақтау, қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу азаматтардың құқықтық санасын арттыруға, олардың қоғамға толыққанды бейімделуіне және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1058757?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау