Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Өкіл «Алғыс» хатпен марапатталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы 28 тамызда Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов (бұдан әрі Өкіл), Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Заң мен Тәртіп» атты іс-шарасына қатысты.

Салтанатты жиында Өкіл Қазақстан Республикасының Бас прокурордың атынан «Еліміздегі адам құқықтары мен бостандығын қорғау, әділеттілік пен заң үстемдігін нығайту ісіне қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай» «Алғыс хатымен» марапатталды.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары С.Құранбек, құқық қорғау органдарының жеке құрамы қатысты.

Қала прокуроры Ғабит Мұқанов құттықтау сөз сөйлеп, құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы Конституцияның маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар қатысушы органдарға Конституцияның кітапшалары салтанатты түрде табыс етілді.

Іс-шара концерттік бағдарлама мен патриоттық әндерге ұласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1058993?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version