Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – асыл мұраттар бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – асыл мұраттар бастауы»  атты кітап көрмесі өтті.

Іс-шараның мақсаты – құқықтық мәдениет қалыптастыру, Ата Заңның қоғамдағы рөлін насихаттау және азаматтардың заңға деген құрметін арттыру.

Көрме аясында Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты заң әдебиеттері, құқықтық түсіндіру материалдары қойылды. Сонымен қатар, Конституцияның қабылдану тарихы мен оның негізгі қағидаттарын қамтитын арнайы бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға Ата Заңның ел дамуына қосқан үлесі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Кітап көрмесіне «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1059529?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version