ҚР Конституция күніне орай “Астана бас жоспары” ҒЗЖИ” ЖШС қызметкерлерін марапаттау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Конституция – ел тәуелсіздігінің тұғыры, еркіндігіміздің айғағы.

Еліміздің айтулы мерекесі қарсаңында «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты бас директорының міндетін атқарушы Азамат Хамитов Институт қызметкерлерін құттықтап, марапаттады.

Ол Қазақстанның бас қаласы – Астананың қалыптасуы мен дамуы жолында елеулі үлес қосып келетін әріптестеріне алғысын білдіріп, әр шаңыраққа мықты денсаулық, шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тіледі.

Мерейлі мереке қарсаңында Институттың бірқатар қызметкерлері Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұркенов Нұрлан Жаңбыршыұлы, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ахметов Алтынбек Жанатұлы, сондай-ақ Институттың бас директоры Жакупов Руслан Ерғалиұлының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз!

Ата заңымыздың 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1059416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version