Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Абай облысының Жастар ресурстық орталығы ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнамалық жаңалықтар, сондай-ақ оларды қорғау мен қалпына келтірудің нақты тетіктері туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1058827?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау