Сібір жарасы – өткір зоонозды аса қауіпті инфекция.
Сібір жарасының қоздырғышы екі формада болады – бациллярлы (вегетативті) және споралы. Споралық форма сыртқы әсерлерге төзімді және ондаған жылдар бойы топырақта қоздырғыштың өміршеңдігі мен вируленттілігін сақтай алады.
Адамдар үшін сібір жарасының қоздырғышының негізгі көздері – сібір жарасымен ауыратын ауылшаруашылық жануарлары (ірі қара және ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа).
Адамдар инфекцияны келесі жағдайларда:
– ауру ауыл шаруашылығы жануарларымен байланыста болған кезде;
– ауру жануарларды күту процесінде;
– ветеринариялық мамандарды хабардар етпей малды мәжбүрлі сою кезінде;
– сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселерін бөлшектеу және көму кезінде жұқтырады.
Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 8 күнге дейін болуы мүмкін, көбінесе ол 2-3 күнді құрайды.
Сібір жарасын жұқтыру қаупін барынша азайту үшін:
– рұқсат берілмеген базарларда, көшелерде ет пен ет өнімдерін сатып алмау;
– жануарлар ауырған кезде ветеринарлық дәрігердің қарауынсыз аулада мәжбүрлі союға және ұшаларды кесуге, құлаған жануарлардың өлекселерін көмуге жол бермеу;
– жеке саудагерлерден аң терісі, былғары бұйымдарын сатып алмау;
– малды ветеринарларда тіркеп, жыл сайын барлық ауыл шаруашылығы жануарларын жеке аулаларда, фермаларда және өзге де шаруашылықтарда сібір жарасына қарсы егу қажет;
– сібір жарасын жұқтыру қаупі бар адамдарға (зоотехниктер, ет комбинаттары, сою пункттері қызметкерлері, жануарлардан алынатын шикізатты дайындаушылар, мал өсірумен және союмен айналысатын мал иелері және т. б.) жыл сайын арнайы сібір жарасына қарсы вакцина алу ұсынылады.
Медициналық мекемеге уақтылы жүгіну аурудың сәтті емделуін қамтамасыз етуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1059000?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау