«Таза Қазақстан»: Махамбет ауданында жастар экологиялық сенбілік өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысының Махамбет ауданында жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған «Эко-демалыс» атты сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен өтті.

Бағдарламаға 18–35 жас аралығындағы 50-ге жуық ерікті жас қатысты. «Эко-демалыс» форматы сенбілікті жастардың белсенді демалысымен ұштастырып, аудан аумағындағы табиғи демалыс аймақтарында – орман, жағалау мен саябақтарда өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың табиғатты аялау сезімін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу, сондай-ақ ұжымдық рух пен достықты нығайту.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сенбілік барысында табиғи аймақтар тазартылып, демалысқа қолайлы орта құруға үлес қосылды. Қатысушылардың экологиялық мәдениеті артып, табиғатқа деген сүйіспеншілігі нығая түсті.

«Эко-демалыс» жобасы аудан жастары үшін пайдалы әрі қызықты іс-шара болды. Ол тек қана сенбілік емес, табиғат аясындағы салауатты демалыстың да тиімді үлгісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1059077?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version