ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Болгария мемлекеті, София қаласында жасөспірімдер арасында 60 кг салмақта дзюдо күресінен сайыс өтіп, оған Түркістан облысы, Төлеби ауданының спортшысы Батырғали Ернұр қатысып, әлем чемпионы атанды!
Ернұр Түркістан облысының тарихындағы дзюдодан алғашқы әлем чемпионы болды.
Бұл жеңіс – барша аудан жұртшылығы үшін үлкен қуаныш. Ернұрдың бұл жетістігі – табандылық, күш-жігер және адал еңбектің нәтижесі.
Спортшының бапкерлеріне, ата-анасына және спортқа үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1059553?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version