Үш  бірдей  ойын  алаңшасы  пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 Өткен жылы Қаратау қаласы бойынша 17 балалар ойын алаңшасы және 1 спорт алаңшасы пайдалануға берілген. Олардың 12-і демеушілердің көмегімен бой көтерсе, 5 осындай  нысан мен 1 стрит воркуттың құрылысы бюджет есебінен жүргізілген.

Жергілікті тұрғындардың өтінішімен мұндай  нысандарды  көппәтерлі  үй  аулаларына соғылып  келеді.

Жақында  Ә.Молдағұлова  көшесі №41, №53 және Ә.Ақшораев көшесі №16  үйдің ауласында заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшасы   пайдалануға  берілді.  Аудан  әкімі  Нұрбол Жүнісбеков балалардың көптен күткен қуанышымен бөлісіп, ата- аналарымен  жүздесті.

Жалпы құрылысы аяқталған алаңшаға жасанды көгал төселген. Әткеншек, керме, балалар сырғанағы мен айналмағы және дене жаттығуына арналған өзге де жабдықтармен қамтылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1059473?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version