Ұлытау облысында «30 ізгі іс» акциясы аясында улы газды анықтайтын датчиктер орнатылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 ізгі іс» акциясы аясында Ұлытау облысында 2025–2026 жылғы жылыту маусымы кезеңінде профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. 

Әсіресе әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасылардың үйлеріне арнайы улы газды анықтайтын датчиктер орнатылуда. Бұл құрылғылар тұрғындарды уланудан қорғап, төтенше жағдайда өмірді сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құтқарушылар халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, жылыту маусымындағы сақтық шараларын еске салды.

 Жыл басынан бері Ұлытау облысында 365 датчик орнатылды. Соңғы профилактика барысында көпбалалы отбасыларға қосымша 24 датчик орнатылды. Мұндай жұмыстар жүйелі түрде алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-ulytau/press/news/details/1058818?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version