«Жасанды интеллектті педагогикаға интеграциялау: азаматтық пен кәсіби дағдыларды дамыту» атты сециялық отырыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌 27 тамыз 2025 жылы ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы білім бөлімі ұйымдастырған тамыз кеңесі өтті.
Тақырыбы: «Жасанды интеллектті педагогикаға интеграциялау: азаматтық пен кәсіби дағдыларды дамыту».

🔹 Кеңесте білім берудің басым бағыттары мен жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулықтар талқыланды.
🔹 Химия секциясында қала мектептерінің мұғалімдері жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу, «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын сабаққа кіріктіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын қарастырды.
🔹 Практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану, саралап оқыту әдістері, бағалау ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасылды.

👩‍🏫 Мұғалімдер пікір алмасып, жаңа оқу жылына маңызды ұсыныстар қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/1059112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version