2025 жылы 5–7 қыркүйек аралығында Аудан прокуратурасының бастамасымен Шет ауданында ерекше мәні бар науқан өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті аудан тұрғындары!
2025 жылы 5–7 қыркүйек аралығында Аудан прокуратурасының бастамасымен Шет ауданында ерекше мәні бар науқан – «Вейпті тапсырып – денсаулықты таңда!» өтеді. Бұл шара жастардың денсаулығын қорғауға, зиянды әдеттердің алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Науқан барысында аудан тұрғындары өз еркімен вейптерді арнайы белгіленген орынға тапсыра алады.
Қабылдау пункті: Шет ауданының полиция бөлімі.
Шараның басты мақсаты – жастарды зиянды әдеттерден арылтып, оларды дұрыс таңдау жасауға ынталандыру.
Сондықтан баршаңызды 5–7 қыркүйек аралығында өтетін науқанға белсенді қатысып, жас ұрпақтың жарқын болашағына үлес қосуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1058207?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version