2024-2025 оқу жылында Сырым ауданы бойынша 11 сыныпты 208 оқушы аяқтаған. 206 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, болашақ мамандықтарын айқындаған.
“Балапанды күзде санайды” – дегендейін, тамыз айы – оқу мен ізденістің өтеуін күтетін сәт. Биыл Аудандық білім беру бөлімі берген мәліметке сүйенсек, Сырым ауданы бойынша 97 түлек жоғары оқу орындарында тегін білім алу гранттарына ие болған. Бұл – аудан оқушыларының 47 пайызын құрайды.
Айта кетейік, сырымдық түлектер арасында 11 “Алтын белгі” мен 17 “Үздік аттестат” иегері бар. “Алтын белгі” иегерлерінің бәрі де оқуға түсті.
Б. ШЕРІМ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1058848?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау