АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН
Бүгін аудан орталығында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» тақырыбындағы облыстық Тамыз кеңесінің «Мектеп кітапханасындағы цифрлық трансформация:жасанды интеллект пен креативті ойлаудың синергиясы» тақырыбындағы кітапханашылар секциясы оздырылуда.
Аталған семинарға Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Анаргүл Сағындықова ‎және аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысуда.
Ел қонақтарына Жымпиты ауылы әкімінің орынбасары Қайрат Абсатыров қош келдіңіздер айтып, сөз сөйледі. Қатысушылар Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырзалиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Білім майталмандары жуырда ашылған Мұқадес Есламғалиев атындағы аудандық кітапханаға шолу жасады.
Қ.Жеңісұлы
“СЫРЫМ ЕЛІ”

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1058774?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version