Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!
2025 жылы барша қазақстандықтар үшін аса маңызды тарихи белес – Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толып отыр.
Осыған орай, Сіздерді 29 тамыз күні сағат 14:30-да Нархоз университетінің акт залында өтетін «Ата Заң – Тәуелсіз ел тұғыры» атты мерекелік аудандық концертке шақырамыз.
📍 Өтетін орны: Алматы қ., Жандосов көшесі, 55, Нархоз университетінің акт залы
Бағдарламада:
– Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі
– Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қуандық Рахым
– «Нарғыз» шоу-балеті
– Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Нағашыбай Мирас, Асхат Үрпеков, Дінмұхаммед Абуов және басқа да талантты өнерпаздар
Баршаңызды мерекелік шараға шақырамыз!
Конституция күні құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1058608?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау