Алмалы ауданы прокуратурасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Конституция – заңның үстемдігі мен құқықтық мемлекеттің басты нышаны.
Іс-шараға «Қонаев» университетінің проректоры Бақтыгүл Қуанышқызы Ильясова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің деканы Уәлихан Ақыпбекұлы Ахатов және «Тұран» университетінің Жоғары құқық мектебінің директоры Қарлығаш Әсілханқызы Жұмабаева қатысты. Құқықтық білім беруді дамытуға және мамандар даярлауға қосқан үлестері үшін оларға алғыс хаттар табысталды.
«Жастармен» жобасы аясында белсенділік танытып, азаматтық ұстанымын қалыптастырған «Тұран» университетінің студенттері де атап өтілді. Жоба жастарды әлеуметтік маңызды қызметке тартуға бағытталған.
Алмалы ауданының прокуроры Ақан Ысқақов өз сөзінде жастардың мұндай бастамаларға қатысуы білімді әрі заңға бағынатын азаматтарды тәрбиелеуге, сондай-ақ қоғамның дамуына үлес қосуға ықпал ететінін атап өтті.
Жиын прокуратура органдары мен жоғары оқу орындарының құқықтық мәдениетті нығайту және елге лайықты мамандар даярлау жолындағы ынтымақтастығының айқын үлгісі болды.
Алматы қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1059676?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау