Тамыздың 28-інде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.у.а. Марат Пашимовтың төрағалығымен мегаполис медициналық ұйымдары директорларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Алматы қаласы ҚДСБ клиникалық-зертханалық диагностика жөніндегі штаттан тыс бас маманы Акмарал Маймакова 2024-2025 ж.ж. қаладағы зертханалық қызметтің жағдайы туралы есеп ұсынды.
Алматы қаласы ҚДСБ пациенттерді қолдау және ішкі сараптама жөніндегі үйлестірушісі Найля Кожекенова қызметтің жұмыс қорытындысын баяндады. Негізгі тақырып ретінде дәрілік қамтамасыз ету, емханаға тіркеу, медициналық көмектің сапасы және госпитализацияны ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Марат Пашимов медициналық ұйымдардың басшыларына анықталған кемшілікті жоюды, кадрлық қамтамасыз етуді күшейтуді және медициналық көмектің сапасын арттыруға айрықша назар аударуды тапсырды.
Кеңеске Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қаласы филиалы, С.Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы өкілдері, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан қала медициналық ұйымдары директорлары қатысты.
Қабылданған шаралар мен берілген тапсырмалар медициналық қызмет сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті жетілдіруге және зертханалық қызметтің дамуына бағытталған. Аталған қадамдар Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесін қолжетімді, заманауи әрі пациенттердің қажеттілігіне бағдарланған деңгейге жеткізуге жағдай жасайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1058732?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау