Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданға қарасты бірқатар елді мекендерге барып, білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын пысықтады. Аудан басшысы жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Мердігер мекемелерге жөндеуді белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, аудандық білім бөліміне жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.
Алдымен аудан басшысы Жартытөбе ауылдық округіндегі Ынтымақ елді мекенінде орналасқан №9 Майлықожа атындағы жалпы білім беретін мектептің ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер мекеме мектептің сыртқы және ішкі құрылымын толықтай жаңартып, оны заманауи стандарттарға сәйкестендіруде.
Келесі кезекте Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне барып, Еңкес елді мекеніндегі №21 Яссауи атындағы жалпы білім беретін мектепте атқарылып жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының жай-күйін көрді.
Сонымен қатар, аудан әкімі Дербісек ауылдық округінде орналасқан №76 жалпы білім беретін мектепке арнайы барып, «реновация» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударды. Қазіргі таңда мектеп ғимаратында ішкі және сыртқы әрлеу-сырлау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1059589?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау