Астанада Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Конституция күніне арналған «Әділет тірегі – Ата Заң» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ата Заң – еліміздің басты құндылығы, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен бірлігінің кепілі.

Мерекелік кеште Қазақстанның халық әртістері Айгүл Қосанова мен Майра Мұхамедқызы, сондай-ақ Сәкен Майғазиев, Өзгеріс Шерікбай, Салтанат Ерсұлтан өнер көрсетті. Концертке Мемлекеттік күзет қызметінің Президент оркестрі, «Түркістан» этно-ансамблі және «Contrasst» би театры да қатысты.

Көрермендерге патриоттық рухтағы әндер мен халықтық туындылар ұсынылып, ұлттық нақыштағы сахналық безендіру, LED-инсталляциялар және заманауи техникалық шешімдер мерекелік атмосфераны айқындай түсті.

«Әділет тірегі – Ата Заң» концерті – ел бірлігін дәріптеп, рухани құндылықтарды насихаттаған маңызды мәдени шара болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1059708?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version