«Ата заң – Тәуелсіз ел тұғыры»: Астанада мерекелік концерт өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Конституцияның 30 жылдығына орай «Ата заң – Тәуелсіз ел тұғыры» атты мерекелік концерт өткізді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мұнда 100-ге жуық зейнеткер өнерлерін ортаға салды. Астаналық ақ жаулықты әжелер түрлі ою-нақыштар бейнеленген ұлттық киімдердің сән үлгісін көрсетті.

«Ғасырлар сазы» фольклорлық ансамблі «Керім-ау, айдай» халық әнін, «Әдемі» ансамблінің әншісі Гүлбаршын Матаева «Бұлбұл», «Қырманға кел, қалқатай» әндерін шырқап, концерттің көркін қыздырды. Сондай-ақ «Есіл толқындары» ардагерлер ансамблі «Арайлы Астана» әнін орындады.

Мерекелік концертті елорда тұрғындары мен қала қонақтары тамашалады.

«1995 жылғы 30 тамыз Қазақстан халқы өз елінің Ата заңын қабылдаған күн. Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығының кепілі. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, құрметтеу арқылы біз елімізді күллі әлемге таныстыра аламыз. Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық өнерімізді құрметтеп, насихаттау бүгінде әр қазақтың міндеті десек, артық болмас. Бүгінгі іс-шара Конституцияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Астаналық өнерлі әрі белсенді ата-әжелеріміз 14 музыкалық нөмір дайындады. Спортқа бейім зейнеткерлер скандинавиялық серуен бойынша көрініс қойды, сәнгер әжелеріміз киім үлгілерін көрсетті. Осылайша олар астаналықтарға мерекелік көңіл күй сыйлады», – деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімінің басшысы Меруерт Нұрғалиева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1059737?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version