Бүгін аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық мәслихаттың төрайымы Ж.С. Каримованың төрағалығымен кезектен тыс сессия өтті.
Сессия жұмысына Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Т.С. Мамашарипов қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/2 “2025–2027 жылдарға арналған Мамлют ауданының бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасын қарау болды.
Аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістер туралы депутаттарға экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары Д.М. Сақтағанова ақпарат берді.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың кейбір тұрақты комиссияларының құрамына енгізілетін өзгерістер қаралып, бекітілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mamlyut/press/news/details/1058341?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау