Өткізілген күні: 27 тамыз 2025 жыл
Өткізілген орны: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйі Қатысушылар: 380-ге жуық білім саласының қызметкерлері – мектеп, балабақша басшылары, мұғалімдер, тәрбие ісінің меңгерушілері т.б. Конференция барысында білім саласындағы жетістіктер, *”Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасына тоқталып және өзекті мәселелер талқыланып, үздік педагогтар марапатталды.
ҚР Президенті, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Абай облысы әкімдігі мен білім басқармасының марапаттары табысталды. Сондай-ақ, «Өрлеу» орталығының маманы Жанузакова Н.А. педагогтердің аттестациясы бойынша баяндамасымен бөлісті.
Марапат иелері:
«Шапағат» медалі – Абишева Р. Т.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» – Жарова Н. М.
ҚР оқу-ағарту министрлігінің алғыс хаты (Көк фон бәріне)
✓ Құрметті Жұмабаева Гүлнар Мұсақызы
Оқу-ағарту саласындағы табанды еңбегіңіз бен азаматтық белсенділігіңіз үшін шынайы алғысымды білдіре отырып, Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, табыс тілеймін.
Дәл осындай мәтіндегі Алғыс хатпен
✓ Айнұр Алтынбекқызы
✓ Исаханова Қаламқас Мұхамеджанқызы
✓ Ахметова Жадыра Болатбекқызы
✓ Мұқанова Айнұр Ахметқызы
✓ Байжүкенова Айкен Ахатқызы
✓ Молдашева Сымбат Талғатқызы
✓ Байбатырова Дана Талғатқызы
✓ Жумекенова Меруерт Амангельдиновна
Абай облысы әкімінің алғыс хаты . Білім беру саласында атқарған адал еңбегі , кәсіби біліктілігі және өз ісіне деген жоғары жауапкершілігі үшін Аягөз қалалық №3 бөбекжай бала бақшасының тәрбиесіші Молдаханова Арай Серикболовна марапатталады.
✓ Абай облысының білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапаттауға:
Кемелді келешекке аяқ басып отырған еліміздің білімді азаматтарын оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбегі үшін Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Байгелова Гульнур Болатовна марапатталады.
✓ Дәл осындай Құрмет грамотасымен №7 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Шалтаева Сауле Кунанбаевна
✓ Горный жалпы орта білім беретін мектебі бастауыш сынып мұғалімі Ахметкалиева Камалия Мукановна
✓ №5 жалпы орта білім беретін мектебінің Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Абеуова Фарида Оралбаевна
✓ Д.Бабатайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Тухтиева Динара Нусуфбековна
✓ Т.Есімжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің Биология пәні мұғалімі Ажибекова Нурлыгул Байтулеуовна
✓ А.Көшкімбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің Информатика пәні мұғалімі Ксенбаева Асем Азатовна
✓ «Үздік ұйым-2025» конкурсының 3 орын иегері атанған «№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі» ұжымын құттықтаймыз және директоры Тастанбеков Қайрат Турсыновичті 18 млн қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Конференция жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жолындағы ұстаздардың өлшеусіз еңбегін жоғары бағалау мақсатында ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1058717?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау