Идеядан шеберлікке: Ақмолалық оқушылар республикалық байқауда топ жарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтық форматында «Алтын қазына» балалар шығармашылығының көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша республикалық байқау – көрмесін ұйымдастырды.  

Республикалық кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен облыстық кезең жеңімпаздары болып табылатын барлығы 140 оқушы қатысты.

Ақмола облысынан соңғы кезеңге 7 қатысушы қатысып, тамаша нәтижелер көрсетті:

– «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш)» номинациясында:

I орын – Белоусов Григорий, Зеренді ауданы.

– «Металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу» номинациясында:

 II орын – Нұржан Ерсерік, Қосшы қаласы.

– «Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясында:

I орын – Ержігіт Ербол, Зеренді ауданы.

– «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше» номинациясында:

 II орын –  Удовиченко Марк, Астрахан ауданы.

Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1058163?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version