КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
✅ Жаңа оқу жылына білім ұйымдарының дайындық барысы туралы;
✅ Конституция күніне дайындық барысы туралы және ағымдағы жағдай мәселелері қаралып, сала бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Аудан әкімі білім беру нысандарын жаңа оқу жылына толық дайындау үшін бірқатар тапсырмалар берді. Атап өтсек, жауапты сала басшысына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының мерзімінде аяқталуы, сынып кабинеттерінің талапқа сай жасақталуын, және де жылыту маусымына дайындықты қатаң бақылауда ұстауды талап етті. Сонымен қатар, Конституция күнін атап өту аясында аудан аумағында бірқатар маңызды, мазмұнды іс-шаралардың жоспарлы түрде ұйымдастырылуын тапсырды. Жиын соңында сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1058198?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version