Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Қостанай қаласында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері арасында шағын футболдан облыс чемпионаты өтті.
Футбол алаңында мықты командалар – бұрын іріктеудің аймақтық кезеңдерінде жеңіске жеткен командалар кездесті. Әрбір ойын жылдамдықтың, төзімділіктің және командалық жұмыстың нағыз сынағы болды.
Қарқынды матчтардың қорытындысы бойынша жеңіс тұғыры келесідей бөлінді:
•1 орын – Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының командасы;
•2 орын – Лисаков қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының командасы;
•3 орын – Меңдіқара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің командасы.
Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай спорттық жарыстар қазірдің өзінде жақсы дәстүрге айналды: олар дене шынықтыру және командалық ұйымшылдықты нығайтады, бұл құтқарушылардың жұмысында ерекше маңызды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1058499?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау