2025 жылғы 26 тамызда Маңғыстау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А. Кужиев, сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігі тобының өңірлік қатысушылары А. Муха мен Т. Кусаинова №77 мекемесіне барды.
Сапардың мақсаты – сотталғандардың құқықтарының сақталуын және ұсталуының жағдайын мониторингтеу болды. Бару барысында медициналық көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі, еңбек жағдайлары, білім алу мүмкіндігі, сондай-ақ заң көмекке қолжетімділік мәселелері қарастырылды. Ерекше назар адамгершілік қарым-қатынасқа, тұрмыстық жағдайға және тамақтану сапасына аударылды.
Сапар қорытындысында өкілдер қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде адам құқықтарын қорғау стандарттарын одан әрі арттыру қажеттілігі және мемлекеттік органдар мен құқық қорғау институттарының өзара ынтымақтастығының маңыздылығын жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/1059771?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау