ӨКІЛ ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және Шиелі ауданы әкімінің  аппарат басшысы Ғалымжан Каримовпен бірге аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында, Омбудсмен өкілі Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтар, БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері туралы, сондай-ақ ҚР Конституциясының кепілдігі мен маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Өкіл әр адамның қандай құқықтары бар екенін және оларды білу мен құрметтеудің маңыздылығын түсіндіріп, азаматтардың негізгі құқықтары туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, ҚР Конституциясының әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізгі кепілі болып табылатынын ерекше атап өтіп, Конституция нормаларының қоғамдағы тұрақтылық пен әділдікті қамтамасыз етудегі рөлін түсіндірді.

Кездесу соңында Омбудсмен өкілі Б. Байхожаев пен аппарат басшысы Ғ. Каримов тұрғындарды жеке қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1058239?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version