Өкіл Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 25 тамызда Маңғыстау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А. Кужиев Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына барды.

Сапар барысында ол ұсталған азаматтардың ұсталуының жағдайымен, олардың қорғану құқығының қамтамасыз етілуімен, медициналық көмек алу мүмкіндігімен және заңды байланыс құралдарына қолжетімділігімен танысты. Ерекше назар қоғамнан оқшаулаумен байланысты орындарда адам құқықтарының сақталуына, сондай-ақ адамгершілік қарым-қатынасқа қатысты халықаралық стандарттардың орындалуына аударылды.

А. Кужиев ұсталған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету – заң үстемдігін нығайтудың және азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттырудың маңызды тетігі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/1059768?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version