Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ата Заңымыз Тәуелсіз Отанымыздың ең басты құндылығы әрі негізі. Адам құқығы мен бостандығының сенімді кепілі.
Биыл Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз қарыштап дамып, әлем таныған іргелі мемлекетке айналды. Экономикамыз алға ілгерілеп, азаматтардың әл-ауқаты артты. Мемлекеттімізде саяси тұрақтылық, ішкі тыныштық орнықты.
Бүгінде ел Президентінің бастамасымен ортақ Отанымыз дамудың жаңа кезеңі мен даңғыл жолына түсті. Елімізде ауқымды реформалар қолға алынып, өз жемісін беруде.
Ата Заң егеменді еліміздің берік іргетасы десек, оны қастерлеу, құрмет тұту, талаптарын мүлтіксіз орындау – әр азаматтың қасиетті парызы.
Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбітшілік пен тыныштық, бақ-береке тілейміз!
Қызылорда қалалық мәслихаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1058440?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау