ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                             ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің алаңында гарнизондық жиын өтті. Оны ШҚО ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Төкенов Алмаз Тлегенұлы жүргізді.

Жеке құрамға «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі міндеттері түсіндірілді. Оның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін нығайту.

«Біздің қызметтің негізгі бағыттарының бірі – профилактика. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтіп, тұрмыстық және көшедегі құқық бұзушылықтарды дер кезінде тоқтатуымыз қажет. Халық сенімін нығайту – басты міндетіміз. Әрбір қызметкердің жауапкершілігіне облыс тұрғындары мен қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігі тікелей байланысты», – деп атап өтті полиция полковнигі А. Төкенов.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Департамент басшылығы қызметтік міндеттерін адал орындап, жоғары кәсібилік танытқан бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Іс-шара соңында тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті күзетуге және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті.

                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1058315?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version