28 тамыз күні аудан тұрғындарымен кезекті кездесу өткіздім.
⠀
Алдымен 7 айда атқарылған жұмыстар мен жыл соңына дейінгі жоспарлар туралы баяндама жасадым. Кейін тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көкейкесті мәселелерді талқыладық.
Негізгі көтерілген тақырыптар:
– жолдардың жағдайы мен асфальт төсеу,
– электр мен ауызсу жүйелері,
– санитарлық тазалық.
⠀
Қуантатыны – көптеген тұрғындар «Таза Қазақстан» акциясына қолдау көрсетіп, сенбіліктерге қатысуға дайын екенін айтты. Бірге жұмыла отырып, ауданымызды таза әрі жайлы ете аламыз.
⠀
Кездесу ашық әрі сындарлы атмосферада өтті. Ауданның дамуына үлес қосып жүрген әрбір жанға шынайы алғысымды білдіремін.
⠀
Тұрғындармен кездесулер бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жалғасады. Толық ақпаратты ресми парақшаларымыздан біле аласыздар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1059056?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау