Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметінің басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Жыл сайын прокуратура қадағалау қызметі аясында салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде салық органдарының жіберген көптеген кемшіліктерін анықтайды.
Бұл кемшіліктер кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына және сот жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне әкеп соғуда.
Екі жыл ішінде прокурорлық қадағалау және ден қою актілері бойынша 3 820 (2024 ж. – 1787; 6 ай 2025 ж. – 2 033) заңсыз қаулының күші жойылды, 2 120 (2024 ж. – 1261; 6 ай 2025 ж. – 859) тұлғаның құқықтары қорғалды.
Жүйелі проблемаларды жою және болашақта бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында прокурорлық қадағалау актісі бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті Салық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізу жөнінде әдістемелік ұсыныстар әзірледі.
Аталған ұсыныстар салық органдары қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдарды қолдануда біркелкілікті қамтамасыз етуге және кәсіпкерлерді негізсіз жауапкершілікке тарту тәуекелдерін азайтуға бағытталған.
Ұсыныстар сондай-ақ прокурорлар мен судьяларға да осындай істерді қарау кезінде пайдалы болады.
Осы ұсыныстарды енгізу арқылы бұрын жиі кездесетін кемшіліктерді жойып, істердің барынша әділ және заңды қаралуын қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлердің құқықтық кепілдіктерін нығайтады және елімізде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Бас Прокуратура осындай жұмыстарды әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің басқа да санаттары бойынша да жүргізуде.
Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1066182?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау