Жетісуда «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда: полиция профилактиканы күшейтіп, ұрланған малды қайтарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауын орындау мақсатында 2025 жылғы 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Жетісу облысының аумағында республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның басты міндеті – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау.

Өңірдің Қаратал ауданында полицейлер күшейтілген профилактикалық шаралар жүргізуде. Ерекше назар тұрғын үй секторына, сауда нысандарына және ауыл шаруашылығына аударылуда.

Өткен 14 күн ішінде облыс бойынша:
• 39 792 тұрғын үй мен пәтер тексерілді;
• 40 жалдамалы пәтер анықталды;
• 935 шаруа қожалығы тексерілді;
• базарлар мен басқа да сауда нысандарында 299 рейдтік іс-шара жүргізілді;
• тұрғылықты жері жоқ 18 адам ұсталды.

Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар полицияның екі учаскелік инспекторына ұрланған малдың бір бөлігін қайтарғаны үшін алғыстарын білдірді.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Осындай ауқымды шаралардың арқасында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, құқықбұзушылықтардың алдын алуға ұмтылуда.

#законипорядок
#заңментәртіп
#нашаполиция
#біздіңполиция

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1068938?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version