«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 2014 жылдан бастап өткізіледі. Конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Ағымдағы жылы аудандық деңгейдің қорытындысы бойынша 100 – ге жуық өтінім берілді.
Ағымдағы жылдың облыстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 7 жеңімпаз отбасы анықталды. Гран-при-Мекебаевтар отбасы, Целиноград ауданы., 1 орын – Самалхан Зұлхажап отбасы, Қосшы қ, 2 орын – Червяковтар отбасы, Ақкөл ауданы, 3 орын – Хамзиндер отбасы, Бурабай ауданы.; үш көтермелеу орны – Жолпат отбасы Аршалы ауданы, Тұрсыновтар отбасы Қорғалжын ауданы,Қабылдиновтер отбасы Атбасар ауданы.
Іс-шара барысында жеңімпаз отбасыларына ақшалай сертификаттар мен құнды сыйлықтар табысталды.
Мереке концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1069631?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау