Зеренді ауданының 90 жылдығына арналған “Зерлі мекен – Зерендім”аймақтық айтысының ашылу салтанаты өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Зеренді ауданының 90 жылдығына арналған “Зерлі мекен – Зерендім”аймақтық айтысының ашылу салтанаты өтті.
🔰Шара шымылдығын Зеренді ауданының әкімі Әсет Асылбекұлы Құрманғожин ашып, айтыскерлерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар,Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова сөз сөйледі.
✅Аймақтық айтыстың жүргізушісі ақын, Қазақстанайтыс ақындары менжыршы-термешілердің халықаралық одағының Ақмола облысы бойынша төрағасы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Құдайберлі Мырзабек Рахымбекұлы.
✅”Зерлі мекен – Зерендім” аймақтық айтыстың қазылар алқасы: Ермек Бекенұлы Нұғманов – Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, қазылар алқасының төрағасы; Алмас Қажыбайұлы Темірбай – ақын, жазушы, журналист, өлкетанушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Арман Тілектесұлы Бердалин – айтыскер, ақын,жазушы, саясаттанушы; Оралбек Қожабекұлы Бекішов – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы; Күләш Сәбікенқызы Рақымжанова – ақын, ҚР мәдениет майталманы, Зеренді ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері. 🔰Еліміздің түпкір – түпкірінен жиналған, Зеренді еліндегі айтулы додада: Аманжол Зағыпар – СолтүстікҚазақстан облысы,
Тоба Өтепбаев – Арқалық қаласы, Данияр Алдаберген – Астана қаласы, НұрқанатҚайрат – Павлодар облысы, Еркеғали Бекболат – Қарағанды облысы, Сарқытбек Нұрдыбек – Ақмола облысы, Нұрислам Әбділ – Ақмола облысы, Сәттібек Серікболатұлы- Ақмола облысы, Берденбек Мырзат – Ақмолаоблысы және Екпін Сәбетхан – Ақмола облысы, ақындар өнерлерін тілге тиек етіп, күйге салады.
⚜️Аймақтық айтысты бірінші болып, Тоба Өтепбаев – Арқалық қаласы және Нұрислам Әбділ – Ақмола облысының ақындары бастады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1071033?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version