2025 жылғы 26 қыркүйекте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараға 21-тен астам жұмыс беруші қатысты, олардың қатарында «СГХК» ЖШС, «Алтыналмас» АҚ, «Виамедис» ЖШС, «Степногорск ЖЭО» ЖШС, «Энергокомплекс» ЖШС, «Степногорск Энергосбыт» ЖШС бар.
Жәрмеңке барысында жұмыссыз азаматтарға қала кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындары ұсынылып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясындағы қолдау шаралары таныстырылды.
Іс-шараға шамамен 67 жұмыссыз азамат қатысып, барлығы өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша толық түсіндірме алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1079168?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау