Абай облысында жол ережелерінің сақталуына баса мән берілуде: “Қауіпсіз жол” профилактикалық шарасы нәтижесінде 130-ға жуық құқықбұзушылықтың жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараға полицейлермен қатар, азаматтық қоғам өкілдері — «Автомобильшілер қоғамдық бірлестігінің» жетекшісі Болат Жұнусбаев және Абай облысы бойынша Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдау орталығының басшысы Серік Байғалиев қатысты.
Шара барысында 130-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, жолы кесілді. Алайда бұл шараның басты мақсаты — жазалау емес, алдын алу және ескерту екенін еске саламыз.
Анықталған құқықбұзушылықтар мыналар болды:

Міндетті сақтандыруды рәсімдемеу – 8 факт,
Көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану – 13 факт,
Қауіпсіздік белдігін тақпау және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу – 25 факт,
Жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзу – 25 факт.
Профилактика – басты басымдық!

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен “ОСА” қоғамдық бірлестігінің өкілдері кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары кезінде жол қозғалысына қатысушыларға:

Қауіпсіздік белдігін тағудың маңыздылығы,
Ұялы телефонды көлік жүргізу кезінде пайдаланудың қауіптілігі,
Жаяу жүргіншілердің өздеріне арналған жол бөлігін дұрыс пайдалану ережелері толық түсіндірілді.
Полиция департаменті профилактикалық жұмыстың тиімділігі тек рейдтік іс-шаралармен шектелмей, қоғам тарапынан да қолдауға ие болған кезде арта түсетінін атап өтті.
Сондықтан тәртіп сақшылары мен “ОСА” қоғамдық бірлестігінің мүшелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдау орталығының өкілдері жол қауіпсіздігі – әр азаматтың ортақ міндеті екенін еске салып, тұрғындарды жолда мұқият болуға, заң талаптары

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DPjMHPkiODX/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1083609?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version