2025 жылғы 24 қыркүйекте Саран қалалық мәслихатының депутаттары Ж. Жаяубаев пен Н. Тажибәева Горняк шағын ауданындағы (№1–25 үйлер) тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды, олардың ішінде негізгі назар тұрғын үйлерді алдағы жылыту маусымына дайындауға аударылды. Соңғы 30 жылда бұл үйлерде орталықтандырылған жылыту болмаған, және қазіргі таңда үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне (ЦТИ) қосу жұмыстары жүргізілгенімен, бірқатар мәселелер туындап отыр. Кейбір үйлерге әлі жылу берілмеген, жертөлелерде су ағып тұр, пәтерлердегі батареялардың қосылыстары сапасыз жасалған.
Депутаттар тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, олар көтерген мәселелер қатарында аулаларды абаттандыру, көше жарығын орнату, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселелері де болды.
Барлық түскен өтініштер мен ұсыныстар қалалық мәслихат депутаттарының және жергілікті атқарушы органдардың бақылауына алынды. Әрбір мәселе бойынша тиісті шаралар қабылданып, қарау нәтижелері тұрғындарға белгіленген тәртіппен жеткізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-saran/press/news/details/1076737?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау