09 қазанда аудан әкімінің орынбасары Т.К. Сағитовтың төрағалығымен ауылдық округтердің діни қызметкерлерімен «Ғибадат объектілерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А.К.Жәкенов пен ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.С. Аплесанова қатысты.
Кездесу барысында діни қызметкерлерге ғибадат объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алдын алу шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптары мен нормаларын сақтау бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ovp/press/news/details/1083836?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау