ХАБАРЛАНДЫРУ
Мақаншы ауданы мәслихаттың
кезекті 26-сессиясы туралы
Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына!
2025 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 15.00-ге Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимаратында, Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті 26-сессиясы белгіленді.
Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимараты, Қабанбай көшесі, №6.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Мақаншы ауданында қысқы мерзімге жол қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелеріндегі жылыту маусымына дайындықтың барысы туралы;
- Мақаншы ауданы көлеміндегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны жақсарту жұмысының барысы туралы;
- Мақаншы ауданының ауылдық елді мекендерінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жұмысының барысы туралы;
- Мақаншы ауданындағы жиын-терін науқаны мен қысқы мал азығын дайындау туралы;
- Әр түрлі мәселелер;
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 13.30-да басталады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы сағат 14:00-де өткізіледі.
Мақаншы ауданы
мәслихатының төрағасы Б.Биболов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/makanshy-maslihat/press/news/details/1072305?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау