Полиция қызметкерлері алғыстарын білдіріп, сый-сияпатпен зейнеткер әріптестерін – милиция майорлары, отставкадағы Шейко Алевтина Дмитриевнаны және Порывай Клавдия Федоровнаны арнайы барып құттықтады.
Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов көші-қон саласындағы және аймақтағы көші-қон үдерістерін басқарудағы еңбектері мен жетістіктері үшін ризашылығын білдірді:
– 1 қазан – аға буынның қоғамдағы рөлі мен баға жетпес еңбегін еске салатын мереке. Сіздер біздің өңірде паспорт-виза қызметінің қалыптасуы мен дамуының басы-қасында болдыңыздар. Қызмет барысында бізді әрқашан қамқорлықтарыңызбен, даналықтарыңызбен және қолдауларыңызбен қоршап жүрдіңіздер! Қажырлы еңбектеріңізбен құрмет пен ризашылыққа бөлендіңіздер. Сіздерге мықты денсаулық пен белсенді ұзақ ғұмыр тілеймін.
Өз кезегінде ардагерлер әріптестерінің қолдауына, көңіл бөлуіне ризашылығын білдірді. Әңгіме барысында ардагерлер қызмет жылдарын сағынышпен еске алып, қазіргі көші-қон қызметінің ұжымына жемісті еңбек пен кәсіби даму тіледі.
Жалпыға ортақ сурет олардың бай өмірбаянындағы тағы бір есте қаларлық бетке айналды. Айта кету керек, өңірдің тәртіп сақшылары әрқашан ардагерлермен байланыста болып, жиі барып құттықтап, барша мерекелерде назардан тыс қалдырмайды. Өйткені қарттар үшін қамқорлық пен көңіл бөлу өте маңызды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1079530?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау